350-ден астам жүк көлігі Қазақстан-Ресей шекарасында қалып қойды

0
611

Қалыптасқан жағдай шектес мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуімен байланысты.


350-ден астам жүк көлігі Қазақстан-Ресей шекарасында қалып қойды

ERNUR.KZ. Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстан Республикасынан шығатын жүк көліктерінің кептелісі пайда болды, деп жазады Stan.kz.

350-ден астам автомашина көлемінде жүк көлік құралдары шекара бекетінде тұрып қалған.

"Қалыптасқан жағдай шектес мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуімен байланысты, тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін "технологиялық өтуді" міндетті түрде ұсынуды талап етілген. Жүк көлік құралдарының жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз", - деп хабарлады шекара қызметі.

Ресейден Қазақстанға келе жатқан "Маштаков" Ресей Федерациясының іргелес өткізу пунктінде осындай жағдай қалыптасты. Ол жерде 400-ден астам автомашина кептелісте тұр.