37 жастағы қазақстандық келіншек "Ғаламшар аруы" байқауында жеңіске жетті

0
1 667

Ол екі баланың анасы.


37 жастағы қазақстандық келіншек

ERNUR.KZ. 37 жастағы қазақстандық әйел Ләйлә Құлжанова "Ғаламшар аруы" атанды. Universe Beauty 2019 байқауы Антальяда өтті, деп жазады stan.kz.

1 мен 8 мамыр аралығында өткен байқауда 30 елдің қатысушылары бақ сынасты.

Universe Beauty сұлулық пен сән, дарындылардың байқауы. Әлем елдерінен келген қатысушылар ұлттық киімде, спорттық киімде сахнаға шықты. Өздерінің шығармашылық қырын көрсетті. Қатысушылар қорытынды кезеңде сахнаға кешкі көйлек киіп шықты.

Сонымен қатар байқауға қатысқан өзге де бірнеше отандасымыз әртүрлі титулды иеленді. "Best Talent Universe Beauty -2019" титулын Сымбат Касымова иеленсе, Сабина Кайрат "үздік биші" жеңімпаз атағын алды.

Фестиваль аясында өткен "Super Model Universe 2019" байқауында "Best photo model Universe beauty" номинациясын Қайрат Дінмұхамед жеңіп алды.

Ләйлә Құлжанованың екі жоғары білімі бар. Заң және қаржы мамандығын оқыған. Екі баланың анасы. Былтырғы жылы "Семей аруы - 2018" жеңімпазы атанған болатын.