38 жастағы қазақстандық Adidas компаниясына қомақты шығын келтірді деп айыпталды

0
706

Ер адам Adidas, Nike және Reebok спорттық аяқ киімдерін заңсыз дайындаған.


38 жастағы қазақстандық Adidas компаниясына қомақты шығын келтірді деп айыпталды

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі комитеті Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 38 жастағы тұрғынға Adidas компаниясына 19 миллион теңге көлемінде қомақты шығын келтірді деген айып тақты, деп жазады Tengrinews.kz.


1982 жылы туған ер адам Adidas, Nike және Reebok спорттық аяқ киімдерін заңсыз дайындаған.

"Ол Аdidas AG (Германия) және Аdidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 миллион теңге көлемінде шығын келтірді. Қойманы тінту кезінде аталған компаниялардың түпнұсқа өнімдеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорттық аяқ киім (кроссовка) тәркіленді", - делінген хабарламада.

Тіркелген факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы 1-бөлігі ("Тауар белгісін заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.