"4 баланың әкесі": Елордада балақайды құтқарған адамның кім екені белгілі болды

0
410

Бүгін Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап кете жаздаған кішкентай қызды құтқарған ер адамның видеосы тарап, көпшілікті сүйсіндірді.


ERNUR.KZ. Бір адамның өмірін алып қалған "қаһарманның" кім екені белгілі болды, деп жазады exk.kz.

3 жасар қызды Сәбит Шонтақбаев есімді 36 жастағы жігіт құтқарып қалған. Ол елордаға Қызылордадан жұмыс үшін келген.

"Құрылыста жұмыс істеймін, қарапайым жұмысшымын. Менің 3 ұлым және 1 қызым бар. Олар Қызылордада тұрады. Соларды асырап-тәрбилеу қажет, сондықтан елордаға келдім. Мұнда баспана жалдап тұрамын", - дейді жігіт.

Оның айтуынша, терезеде ілініп тұрған баланы көргенде, ештеңе ойламастан бірден құтқаруға тырысқан. Сәбит өзінің шапшаң әрі епті болуын кезінде шекарашы болып істеген қызметімен байланыстырады.

"Әйелім де видеоны көріпті. "Жарайсың" деді. Бірақ қыздың ата-анасын көрмедім. Құтқардым да, жұмысқа асығып кетіп қалдым. Сол 7-ші қабаттағы көршіме тапсырып кеттім", - дейді Сәбит.

Біз бұған дейін Сәбит Шонтақбаев батылдық танытып, ерлік көрсеткені үшін наградаға ұсынылатыны туралы да жазған едік.