4 проценттік автокредит: министр көлікті кезексіз алатындар туралы айтты

0
525

​Жеңілдетілген автокредит бағдарламасында әлеуметтік осал топтарға жеңілдік беріледі.


4 проценттік автокредит: министр көлікті кезексіз алатындар туралы айтты

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 4 проценттік автокредит бағдарламасына кезекке тұру және құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.



Министрдің айтуынша, алдымен бұрынғы бағдарлама бойынша кезекке тұрған адамдардың құжаттары қаралады. Бүгінде олардың саны 15 мыңға жуықтайды.
"Әрине, соларға беріледі. Банктер жаңадан адам іздегенше бірінші тіркеліп қойған адамдарға береді ғой", - дейді Өскенбаев.
Министрдің сөзіне қарағанда, бұған дейін автокредит берген банктер бағдарламаға қатыса береді. Себебі олардың онлайн-платформасы, яғни электронды кезек жүйесі бар.
"Бүкіл банктер қатысады. Бұл бұрынғы бағдарламаның жалғасы ғой. Сейсенбі күні үкімет (жеңілдетілген автокердит шарттарын бекіту туралы – Sputnik) шешім қабылдады. Енді оны ресми түрде тіркейді. Өзінің тәртібі бар ғой. Айдың соңында басталады", - деп атап өтті Өскенбаев.
Осы орайда министр ақшаны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі емес, экология министрлігі бөлетінін ерекше атап өтті. Себебі "Жасыл даму" АҚ осы мемлекеттік органға қарайды. Сол ұйымның есебінен қаржы аударылады.
"Біз автокредит тәртібін бекіттік қой. Енді экология министрлігі ақшаны бөліп, қандай жолмен жұмсалатынын бекітуі керек. Олардікі де айдың соңында бекітіледі", - дейді Өскенбаев.
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасында әлеуметтік осал топтарға жеңілдік беріледі. Олар көлікті кезексіз рәсімдей алады.
"Дәл сол адамдарға арналған бағдарлама ғой. Олар кезекте бірінші болып тұрады. Соларға басымдық беріледі, жеңілдік жасалады", - деді Өскенбаев.