40 градус ыстық: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

0
399

Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады.


40 градус ыстық: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Синоптиктер 20-22 шілдедегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Болжамға сәйкес, фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. 21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы келеді.

"Батыста ауа температурасы түнде +20+25 градус, күндіз +33+41 градус, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18 градус, күндіз термометрдің бағандары +23+35 градус, солтүстік-батыста түнде +12+25, күндіз +25+40 градус, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21, күндіз +25+35 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40 градус", - делінген хабарламада.