42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет кімдер ала алмайтыны белгілі болды

0
1 200

Екінші төлем бәріне бірдей бұйырмайды.


42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет кімдер ала алмайтыны белгілі болды

иллюстрациялық фото

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге жәрдемақыны кімдер екінші рет алмайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Екінші төлем төтенше жағдай аяқталғанға дейін төленеді. Сәуір айының соңына дейін барлығы 42500 теңге жәрдемақыны тағы алады»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында.
Алайда екінші төлем бәріне бірдей бұйырмайды. Мәселен, 20 сәуірден бастап жұмысқа шыққандарға 42 500 теңге екінші айға төленбейді.
«Жұмысқа шығып, табысын қалпына келтіре бастаған жұмысшыларға екінші айға төленбейді. Бұл үшін egov.kz порталында арнайы форма әзірленді. Ол жерде кез келген адам жұмысына оралғанын хабарлап, төлемнен өздігінен бас тарта алады», - деді ол.