42 500 теңгені алу үшін үйден шықпай-ақ шот ашуға болады

0
2 237

​Жаңа қызмет азаматтарға пошта бөлімшесіне бармай-ақ, шотты үйде ашып, виртуалды карта алуға мүмкіндік береді.


 42 500 теңгені алу үшін үйден шықпай-ақ шот ашуға  болады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. "Қазпошта" АҚ таяуда әлеуметтік төлем үшін шотты онлайн ашу және виртуалды карта шығару қызметін іске қосады. Бұл туралы компанияның басқарма басшысы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Біз қазір азаматтарға қолайлы болу үшін post.kz порталында жәрдемақыға арналған шотты онлайн ашу және виртуалды карта шығару қызметін іске қосу мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді Сәрсенов онлайн брифингте.

Ол бұл бағдарлама халыққа пошта бөлімшесіне бармай-ақ, шотты үйде ашып, карта алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа қызметтің қашан іске қосылатыны таяуда хабарланады.

7 сәуірдегі жағдай бойынша 42 500 теңгені алу үшін Қазпошта арқылы 126 204 шот ашылған. 163 129 адам бірыңғай жиынтық төлемін төледі.

Айта кетсек, республикалық және облыстық маңыздағы қалаларда БЖТ мөлшері 1 АЕК-ке тең, яғни биыл – 2 651 теңге, ал қалған елді мекендерде 0,5 АЕК немесе 1325,5 теңге.

Әлеуметтік төлемді кімдер алады:

  • шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
  • міндетті зейнетақы жарнасы аударылған, қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;
  • карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.
  • жалақысы сақталмаған еңбек демалысына шыққан коммерциялық емес ұйымдардың жұмысшылары;
  • мемлекеттен бір жыл бойы бала күтіміне байланысты жәрдемақы алған, декретте отырған әйелдер (алдын ала бірыңғай жиынтық төлемін төлеуі тиіс).
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет