-42 градусқа дейін аяз: Төрт өңірде ескерту жарияланды

0
1 653

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 пайыз.


-42 градусқа дейін аяз: Төрт өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы мамандары еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады. Ал 26 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде ауа температурасы 33 градусқа күрт төмендейді.

26 желтоқсанда Павлодар облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 38 градус аяз болады, 27 желтоқсанда түнде 32-37, кей жерлерде 40 градус аяз болады.

26 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 30 градус аяз болады. 27 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аязқа дейін төмендеуі мүмкін.

26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градус дейін күрт төмендейді, аяз болады. Ал 27 желтоқсанда минус 42 градус болуы ықтимал.


"Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 пайыз", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Төтенше жағдайлар министрлігі ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балалардың көшеде жүруіне жол бермеуге кеңес береді.