42500-дің құдіреті: Telegram Қазақстанда жүктелуі бойынша 1-ші орынға шықты

0
986

iPhone иегерлерінің әлеуметтік көмек алуға жаппай жүгіргені қызық.


42500-дің құдіреті: Telegram Қазақстанда жүктелуі бойынша 1-ші орынға шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанда Telegram қосымшасы әлеуметтік желілер санаты бойынша ең жиі жүктелетін iOS-қа арналған құралдар арасында 1-ші орынға шығып кетті, деп жазады zakon.kz.

7 сәуірдегі AppAnnie деректері бойынша, Telegram-ның iOS версиясы 25 мемлекетте әлеуметтік желілер санатында жүктелуі бойынша бірінші орында тұр.

Бұған атақты 42500 теңге себеп. Сол ақшаны алу үшін Қазақстан азаматтары жаппай Telegram орнатқан. Ондағы egov-тың арнайы боты арқылы әлгі ақшаға қол жеткізу үшін.

Айтпақшы, iPhone деген арзан гаджет емес. Көбінесе дәл осы iPhone иегерлерінің әлеуметтік көмек алуға жаппай жүгіргені қызық.