42500 теңге алып береміз деп өтірік айтқан: Министрлік алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты

0
739

Алаяқтықтың жаңа түрі бойынша 3 адам ұсталған.


42500 теңге алып береміз деп өтірік айтқан: Министрлік алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты

ERNUR.KZ. Еліміздегі интернет алаяқтықтың жаңа түрі туралы криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков онлайн-брифинг барысында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Омарбеков соңғы кездері әлеуметтік көмек алып береміз деп сан соқтырып кететіндер қатары көбейгенін айтты. Алаяқтықтың жаңа түрі бойынша 3 адам ұсталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


"Мұндай факт тіркелгені рас. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында үш азамат ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ол.


Сонымен қатар, ол интернет алаяқтарды анықтаудың қаншалықты қиын екенін айтты.


"Интернет алаяқтықты ашу өте қиын. Қылмыскерлер өздерін толығымен жасырып қалуға тырысады. Әртүрлі провайдерлерді қолданады. Бұл ұзаққа созылады", - дейді ол.