42500 теңге жәрдемақы: Әр өңірге жеке Telegram-бот іске қосылды

0
1 939

Telegram арнасындағы Bot-қа жүктемені азайту мақсатында әр өңір бойынша чат-Bot-тар ашылды.


42500 теңге жәрдемақы: Әр өңірге жеке Telegram-бот іске қосылды

Әр өңір 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға өтінім қабылдау үшін жеке Telegram-боттарды іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Цифлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша Telegram арнасындағы Bot-қа жүктемені азайту мақсатында әр өңір бойынша чат-Bot-тарды ашу шешілген.

«Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда. Сіздерден тексерілген сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймын, себебі кейбір «пысық» азаматтар өз арналарына жазылушыларды көптеп тарту үшін фэйк аккаунттарды іске қосуда», - деп жазды Асқар Жұмағалиев.

1 https://t.me/Help42500Bot
2 https://t.me/JambylObl42500Bot (Жамбыл облысы)
3 https://t.me/Kostanai42500Bot (Қостанай облысы)
4 https://t.me/Karagandy42500Bot (Қарағанды облысы)
5 https://t.me/Atyrau42500Bot (Атырау облысы)
6 https://t.me/Turkistan42500Bot (Түркістан облысы)
7 https://t.me/Aqtobe42500Bot (Ақтөбе облысы)
8 https://t.me/Pavlodar42500Bot (Павлодар облысы)
9 https://t.me/Mangystau42500Bot (Маңғыстау облысы)
10 https://t.me/ZKO42500Bot (Батыс Қазақстан облысы)
11 https://t.me/Qyzylorda42500Bot (Қызылорда облысы)
12 https://t.me/SKO42500Bot (Солтүстік Қазақстан облысы)
13 https://t.me/VKO42500Bot (Шығыс Қазақстан облысы)
14 https://t.me/NurSultan42500Bot (Нұр-Сұлтан қаласы)
15 https://t.me/Shymkent42500Bot (Шымкент қаласы)
16 https://t.me/Almaty42500Bot (Алматы қаласы)
17 https://t.me/AlmaObl42500Bot (Алматы облысы)
18 https://t.me/Akmol42500Bot (Ақмола облысы)