44 градусқа дейін: Қазақстанда күн қатты ысиды

0
675

Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.


44 градусқа дейін: Қазақстанда күн қатты ысиды

"Қазгидромет" орталығы 22-24 шілде аралығындағы Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңтүстік және солтүстік облыстардан бөлек аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай ойнайды, екпінді жел тұрып, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42°C-қа дейін көтеріледі.

Тек еліміздің батысында 33-41°C жылудан 25-33°C жылуға дейін біртіндеп төмендеу байқалады.

Алматыда 22 шілдеде күн ашық, күндіз ауа температурасы +31°C, түнде +25°C. 23 шілдеде күн құбылмалы, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +34°C жылы болады, түнде +21°C-ты көрсетеді. 24 шілдеде күн ашық, +36°C жылы болады. Түнде ауа температурасы +22°C көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 22 шілдеде күн ашық, күндіз 28°C жылы, түнде +15°C жылыны көрсетеді. 23 шілдеде күн ашық, күндіз +29°C, түнде +16°C жылы болады. 24 шілдеде күн ашық, күндіз +32°C, түнде +17°C жылы болады.

Шымкентте алдағы үш күнде күн ашық болады. 22 шілдеде күндіз +35°C, түнде +21°C болады. Желдің жылдамдығы – 10 м/с. 23 шілдеде күндіз +38°C, түнде +21°C. 24 шілдеде +40°C ыстық болады, түнде ауа температурасы +23°C-ты көрсетеді.