45 миллиард тенгенің қарызы: алматылық әйел сотта жеңіске жетті

0
685

Банк тұрғыннан 45 миллиард теңге өндіріп алмаған болған.


45 миллиард тенгенің қарызы: алматылық әйел сотта жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Алматылық әйел банкпен соттасып, жеңіске жетті, - деп жазады tengrinews.kz.

Банк тұрғыннан 45 миллиард теңге өндіріп алмаған болған.

Осыған дейін Зебихон Қадірованың келісімшарт бойынша банкке қарыз болып қалғаны хабарланған еді. Алайда әйел қателік кеткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын ол заңгердің көмекшісі болып жұмыс істеген. Заңгер Зебихон Қадірова есімін пайдаланып, фирма мен банк арасында келісімшарт жасаған. Ал мұны алматылық әйел білмеген.

Сот алғашында банк пайдасына үкім шығарған. Алайда тұрғын оған қарсы шағым түсірген. Істі қайта қарау кезінде несие туралы келісімшартқа қатысы жоқ екенін дәлелдейтін айғақтар табылыпты.

"Бүгін Алматы қалалық сотында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы М. Мұхатовтың төрағалығымен Медеу аудандық сотының "Проблемалы несиелер қоры" АҚ 45 миллиард теңге көлеміндегі қарызды өндіріп алу туралы талабын қанағаттандыру туралы шешімі қайта қаралды.
Апелляциялық соттың шешімімен Зебихон Кадировадан 45 миллиард теңгені өндіріп алу туралы арызды қанағаттандырмау туралы жаңа шешім қабылданды. Бірінші инстанциядағы соттың қалған шешімі өзгеріссіз қалды", - делінген қалалық соттың хабарламасында.