45,5 градус: Қазақстанда 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

0
744

Елдің оңтүстік-батыс жартысындағы бірқатар метеостанцияда тәуліктік рекордтар жаңарды.


45,5 градус: Қазақстанда 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарды. 29 маусымда елдің батысында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, деп жазады Tengrinews.kz.

Метеорологтардың айтуынша, жаздың бірінші айы қарама-қайшылықтарымен таңғалдырды. Айдың көп бөлігінде елдің батысы, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының әсерінен аптап болды.

"Кей күндері термометр бағаналары апатты гидрометеорологиялық құбылыс (АГҚ) +40...+46 градус өлшемдеріне жетті, осылайша елдің оңтүстік-батыс жартысындағы бірқатар метеостанцияда тәуліктік рекордтар жаңарды: Орал метеостанциясында 29 маусымда температура +41,9 градусқа жетті, 2015 жылдың ең жоғары мәні +39,8 градус болған, Аққұдық метеостанциясында 29 маусымда +44,4 тіркелді, бұл 2018 жылдың абсолют максимумынан - +43,3-тен асып түсті, Атырау метеостанциясында 28 маусымда +42,8 градус болды, 2015 жылы рекорд +39,8 болған, Қаратөбе метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 29 маусымда ең жоғары ауа температурасы +45,5 тіркелді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда жоғары, +41,2 болған", - деп хабарлады синоптиктер.