500 адамды жинап, кеш ұйымдастырған алматылық бардың қызметі тоқтатылды

0
1 986

"Артист" барында 300-ден 500-ге дейін адам болған, бұл адамдардың жаппай жұқтыруына әкелуі мүмкін еді.


500 адамды жинап, кеш ұйымдастырған алматылық бардың қызметі тоқтатылды

ERNUR.KZ. Алматыда жұмыс кестесін сақтамағаны және адамдардың жаппай жиналуына жол бергені үшін сот бардың қызметін тоқтатты, деп жазады Stan.kz.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын жүйелі түрде бұзудың анықталуына және жасалған ескертулерді елемеуіне байланысты "Артист" ("Bm Trade Company" ЖШС) барының пайдаланылуы тоқтатылды.

Мониторингтік топтар жүргізетін тексеру іс-шараларының нәтижесінде бұрын мекемеде бірнеше рет жұмыс кестесін сақтамау және адамдардың жаппай жиналуына жол беру сияқты бұзушылықтар анықталды. Мониторингтік топ келген кезде "Артист" барында 300-ден 500-ге дейін адам болған, бұл адамдардың жаппай жұқтыруына әкелуі мүмкін еді.

Соңғы деректер бойынша, Алматы қаласында коронавирустық инфекция жұқтырған18 мыңнан науқас тіркелген, оның ішінде 389-ы өліммен аяқталған.

2020 жылдың 8 қазан мен 28 желтоқсан аралығында заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 79,2 млн теңгеге ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін 981 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. 16 материал сотқа берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін күшейтілген шектеу шаралары қолданылады. Осы кезеңде жаппай жұқтыруға ықпал ететін ойын-сауық, спорттық және басқа да іс-шараларды, соның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге рұқсат етілмейді.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын коронавирустық инфекция бойынша тұрақты жағдайды сақтау мақсатында мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырады.