"500 және 5000 теңге": Алматыда жалған ақша шығаратын цех ашқан бір топ жігіт ұсталды

0
1 102

308 мың теңге болатын жалған ақша тәркіленген.


ERNUR.KZ. Алматы қаласында Экономикалық тергеу департаменттерінің мамандары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның нәтижесінде 500 және 5000 теңгелік жалған купюра жасап келген үш адам ұсталған, деп жазады qamshy.kz.

Тергеу жұмыстарының барысында бұрын сотталған азаматтар арнайы келісім арқылы жасырын цехта ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноталарын жасаған.

Қылмыстық топтың мекенжайы бойынша ноутбук, түрлі-түсті принтер, еріткіштер, ультракүлгін лампа, ламинатор, су белгілерінің орнын ауыстыруға арналған құрылғы, бояулар, екі жағында номиналы 500 және 5000 теңгелік банкноттардың суреттері (бланкілері) бар флэш-карталар және 308 мың теңге болатын жалған ақша тәркіленген.

Осыған байланысты Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп, қылмыстық іс сотқа берілді.