55 мыңнан астам қызылордалық футболмен шұғылданады

0
57

Өңірде көптеген спорт нысандары салынады.


55 мыңнан астам қызылордалық футболмен шұғылданады

Қызылорда облысы талай-талай даңқты спортшылар шыққан мекен. Тиісінше, бұл үрдіс бүгінгі күнмен де сабақтасып, спорт саласын одан әрі дамыту мақсатында көптеген жұмыс атқырылып келеді. Мәселен, биыл жергілікті әімдікте өзгеріс орын алып, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы құрылды да, облыс әкімі басқарма басшысына бірнеше міндетті нықтап жүктеді. Оның ішінде облыстағы бұқаралық спротпен шұғылданатындардың қатарын қалыңдату, биыл Франция астанасы Парижде өтетін алаулы Олимпиада ойындары мен паралимпиада сайысында жақсы нәтиже көрсету, білім мекемелерінде сабақтай кейін және кешкі кезеңде спорт үйірмелерінің жұмысын жүргізу, және спорттық іс-шаралар өткізу сынды жоспарлар бар. Спорт саласындағы инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалмайды.

Осы орайда, бірнеше мәжіліс депутаты жыл басында Қызылорда облысына келген кезде Сырдария ауданындағы спортшылармен де жүздесіп, аталған жиын жуырда ғана күрделі жөндеу көрген спорт нысанында өткізілген болатын. Дәлірек айтсақ, өткен ғасырдың 76-шы жылы бой көтерген бұл кешенге 2023 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 90 млн. теңгеге уық қаржы бөлініп, қайта жаңғыртылған. Бүгінгі таңда мұнда сегіз жүзге жуық спортшы спорттың оншақты түрімен шұғылданады екен. Өз кезегінде мәжіліс депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен спорт саласын дамытуға қатысты жұмыстармен таныстырды. Ал, аудандағы спорт саласының қызметкерлері кейбір мамандардың жалақысы аз екендігін айтып, депутаттардың бұл мәселені назарда ұстап, шешуге атсалысатындықтарын білді.


Сондай-ақ, жыл басында өңір басшысы мәдениет және спорт саласын дамыту мақсатында бірқатар жоба қолға алынғанын атап өтті. Соның бірі – облыс орталығында салынып жатқан әлемдік стандартқа сәйкес келетін Орталық стадион. Одан бөлек, жабық режимдегі бассейні болатын көп салалы спорт кешені. Аталған нысандар 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Одан бөлек, өңірде жалпы құны 2,7 миллиард теңгені құрайтын теннис орталығының құрылы басталады екен. Сонымен бірге, соңғы уақытта облыс аудандарында жалпы құны 2 миллиард 600 миллион теңгені құрайтын он бір дене шынықтыру кешені салынып, оның сегізі ел игілігіне тапсырылса, қалғаны жақын арада іске қосылатынын атап өту қажет. Ал, соңғы 2 жыл көлемінде облыс орталығының өзінде екі білім ұясы, екі 2 мәдени нысан, медициналық бекет жәәне Ақсуат елді мекені мен Тасбөгет кентінде жаңа спорт кешендері пайдалануға берілген. Одан бөлек, Қазалы ауданында биыл мектеп, ауылдық клубпен қатар, Бекарыстан би, Әйтеке би және Қожабақы елді мекендерінде спорт нысандары салынбақ. Ал, Жаңақорған ауданында жүз 100 орынды клуб құрылысы, көмекке мұқтаж отбасыларға арналға 24 баспана мен жаңа спорт нысанының құрылысы басталмақ. 2024 жыл әсіресе, облыс орталығы – Қызылорда қаласының спорт саласы үшін тың серпін бермек. Өйткені, қалада 17 миллиард теңгеге жеті мың жанкүйер сыйатын стадион, 6,8 миллиард теңгеге көпсалалыр спорт кешені, 4,8 млрд теңгеге 6 бірдей спорт нысаны салынады.

Қызылорда облысы үшін Байқоңырды дамытудың жөні бөлек. Себебі, бұл қалада қандай іс басталса да, оған алдымен Қазақстан мен Ресей елдері ортақ келісімге келуі қажет. Дегенмен, облыс басшылығы бұл мәселені де еңсеріп, тұрғындардың, жастардың жан-жақты дамуы үшін бірқатар жобаны қолға алған. Соның арасында, мәдени, патриотық және спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Оған қоса, биыл қаланың бас жоспары бойынша 5 көпқабатты тұрғынүйдің құрылысы аяқталып, қажетті инфрақұрылым желілерін жаңғырту жұмыстары басталады. Сонымен бірге, қазір спорт нысандарын салу бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Бұдан бөлек, биыл Қазалы ауданында іске асырылатын 15, Қармақшы ауданындағы қырықтан астам және облыс орталығындағы елу бес жобаның арасында да спорт кешендерін салу жоспары түзілген.

Қызылорда облысында құрылыс жұмыстарынан бөлек, спорттық іс-шаралар мен дүбірлі додалар да жиі ұйымдастырылып тұрады. Сондай сайыстың бірі бір жұма бұрын ғана соғыс ардагері Шалғынбаев Батыржанды еске алу мақсатында футзал спортнан өткізілген халықаралық турнир. Жыл сайын жалауы желбірейтін бұл турнир осымен жиырма сегізінші рет ұйымдастырылыпты. Тиісінше, бұл жарысқа еліміздің өңірлері мен алыс-жақын шет мемлекеттерден отыздан аса команда қатысты.


Айта кетсек, бүгінде Қызылорда облысында елу бес мыңнан астам адам футболмен шұғылданса, бес мыңнан астамы футзал ойнайды екен. Сәйкесінше, әуесқойлар арасындағы лига мен жарыстар өңірдің спорт саласын дамытуға өзіндік үлесін қосып жатыр екен.

Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ