6 жастағы алматылық қыздың жұмбақ өлімі: сот отырысы басталды

0
1 680

Сот ісі бойынша үш айыпталушы бар - Ольга Шмакова, Леонарда Рыжакова және Уктаб Махмудов.


6 жастағы алматылық қыздың жұмбақ өлімі: сот отырысы басталды

ERNUR.KZ. Алматыда алты жастағы Лиза Пылаеваның өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Сот отырысы Алматының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарап жатыр.

Сот ісі бойынша үш айыпталушы бар - Ольга Шмакова, Леонарда Рыжакова және Уктаб Махмудов. Іс ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы ("Адам өлтіру"), 420-бабы 2-бөлігі ("Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма"), 432-бабы ("Қылмысты жасыру") бойынша қаралып жатыр.

Елизавета Пылаеваның 2019 жылғы 12 мамырда жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді. Қыздың әкесі Александр Пылаев анасы Марина Рыжаковадан ажырасқан. Оның айтуынша, 9 мамырдан бастап бала анасының жанында болған. Үш күннен кейін Александр қызы ауруханада жатқанын естіген.