​«7-20-25»: Астанада пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

0
1 035

Жәрмеңке 22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді.


​«7-20-25»: Астанада пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

ERNUR.KZ. Астана қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында сатылып жатқан пәтерлер #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылмақ, деп жазады ҚазАқпарат.

«Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі жәрмеңкенің 22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтетінін хабарлады. Оны Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отыр.

Жәрмеңкеге Астананың 14 тұрғын үй кешенінің өкілдері қатыспақ. Құрылыс компания өкілдері барлық келушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.

Сонымен қатар келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» ипотекалық ұйымы мамандарынан кеңес ала алады.