7 мамырдағы салтанатты маршқа дайындалып жатқан 8 оқушы ауруханаға түсті

0
1 129

денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 09:12-де мұғалім хабарласып, бір оқушы басынан жарақат алғанын айтқан. Жедел жәрдем қызметі шақыртылған жерге барған кезде басқа оқушылар да бастары айналып тұрғанын айтып шағымданған.


7 мамырдағы салтанатты маршқа дайындалып жатқан 8 оқушы ауруханаға түсті

Оқушылардың бірі бассүйек-ми жабық жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайдыBaq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 09:12-де мұғалім хабарласып, бір оқушы басынан жарақат алғанын айтқан. Жедел жәрдем қызметі шақыртылған жерге барған кезде басқа оқушылар да бастары айналып тұрғанын айтып шағымданған.


«Бір оқушы бассүйек-ми жабық жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізіліп, жеті оқушы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына «шаршау» диагнозымен жатқызылды», - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, оқушылардың бәрі әскери форма киіп, 7 мамырға арналған маршқа дайындалған. Аспанда күн шақырайып тұрған және ауа райы ысып кеткен.