7 өңірде дизель отынын сатқан кәсіпкерлердің сөз байласқаны анықталды

0
307

Дизель отынын сатушыларға агенттік бағаны төмендету жөнінде 17 хабарлама жіберді.


7 өңірде дизель отынын сатқан кәсіпкерлердің сөз байласқаны анықталды

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы бағаларға жүргізген мониторинг аясында монополияға қарсы заңнаманы бұзылғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанның 7 өңіріндегі дизель отынын бірқатар бөлшектеп сатушыларының баға бойынша сөз байласқаны белгілі болды. 2021 жылдың 3 шілдесінде Жамбыл облысында ("Эврика нефтепродукт" ЖШС, "Бизнес Ойл" ЖШС, "Тараз VIP сервис" ЖШС, "Тараз Петрол Сервис" ЖШС, "Нұров" ЖК, "Мухиев" ЖК), Қызылорда облысында ("Қызылорда мұнай өнімдері" ЖШС), Шымкентте ("МИГ" ЖШС, "ТС" ЖШС), Нұр-Сұлтанда ("Бизнес Петролеум" ЖШС "Ойл" ЖШС, "Аурика" ЖШС, "Асқар" ЖШС," Номад "ЖҚС" ЖШС, "Gas Energy"ЖШС) және Алматыдағы ("Royal Petrol" ЖШС, "Газпромнефть" ЖШС) дизель отынын сатушыларға агенттік бағаны төмендету жөнінде 17 хабарлама жіберді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады», – деп ескертеді агенттіктен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жылдың 30 сәуірінде Қазақстанның 4 өңірінде (Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында) 14 ЖМҚС әрекеттерінде АИ-92 бензинін сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері байқалған еді. Барлық талап орындалып, бөлшек сатушылар АИ-92 бензинінің бағасын төмендеткен болатын.