"70 жылда біз емес, үйіміз шаршады": Алматылық Досаевты күлдірді

0
516

Қарт кісі мегаполис басшысынан тозығы жеткен үйін жөндеу бағдарламасына қосуды өтінді.


ERNUR.KZ. Жетісу ауданы тұрғындарының бірі Ерболат Досаевпен кездесуде Алматы әкімін күлдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Қарт кісі мегаполис басшысынан тозығы жеткен үйін жөндеу бағдарламасына қосуды өтінді.

"Біз, Боткин көшесінде орналасқан екі қабатты үйдің тұрғындары. Сол кезде басшылар келіп, 2025-2026 жылдардағы жөндеу жұмыстары туралы айтты. Оларға да, сізге де рахмет. Бірақ біздің өтінішіміз бар. 70 жылда аздап шаршады: біз емес, үйлер шаршады. № 11 үйіміз шаршап, шыдамай өртеніп кетті. Біздің №11 және №13 үйлерді жөндеу бағдарламасына енгізуіңізді сұраймыз. Бізге көмектесіңіз", - деді ер адам.

Жауап ретінде Досаев "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметтерін нақтылаған соң, бұл мәселені шешуге уәде берді.

"Алматы" ӘКК мамандары Боткин көшесіндегі үйлеріңізді тағы бір тексеріп көрсін. Үйлер 70 жылдан бері "шаршады" дейсіздер. Сондықтан жоспарларын қарап, шара қолданады", - деді қала әкімі.

"Алматы" ӘКК Боткин көшесіндегі үйлер 2026 жылға қарай жөндеу бағдарламасына енетінін атап өтті.