71 жастағы жүргізуші өзімен жасты зейнеткерді қағып кетті

0
718

1948 жылғы зейнеткер әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.


71 жастағы жүргізуші өзімен жасты зейнеткерді қағып кетті

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер ауруханада көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 6 қазанда болған.

"Павлодарда Академик Бектұров көшесіндегі "Сенім" сауда үйінің алдында реттелмейтін жаяу жүргінші жолында 71 жастағы "РАФ 2203" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1948 жылғы зейнеткер әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", - деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.