7600 метр биіктікте бүлдіршіннің тұсауы кесілді

0
503

Таңғы рейстегі жолаушыларды күтпеген хабарландыру таң қалдырды.


7600 метр биіктікте бүлдіршіннің тұсауы кесілді

ERNUR.KZ. Кеше авиация тарихында алғаш рет QAZAQ AIR әуе компаниясының бортында бала өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын көрсететін тұсау кесер ұлттық рәсімі өткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Әуелі бортсерік аталған рейс жолаушыларына бүгін тарихи оқиғаға куә болатынын хабарлады.

7600 метр биіктікте QAZAQ AIR әуе компаниясының капитаны Әнуарбек Ерназаров кішкентай жолаушы Айланаға жарқын болашақ пен бақытты өмір жолын тілей отырып, тұсауын кесті.

Қысқа рәсім аяқталғаннан кейін шашу шашылып, жолаушыларға бауырсақ таратылды.

Аталған шара авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өткізілді және іс-шараға қатысқан командир осы рейстің жолаушысы болатын.