8 жастағы астаналық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді

0
401

Жас шахматшының сөзінше, шебермен оңай болмаған, емес, десе де ол ойын барысын өз пайдасына өзгерте алған.


8 жастағы астаналық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді

ERNUR.KZ. Cегіз жасар астаналық шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның бұрынғы министрін жеңді, деп жазады ulysmedia.kz.

"Бүгін, 2022 жылғы 27 желтоқсанда Алматыда 25-30 желтоқсан аралығында өтетін блиц пен рапидтен әлем чемпионаты аясында латвиялық шахматшы, әйелдер гроссмейстері және саясаткер, Латвияның бұрынғы экономика министрі және қаржы министрі, қазіргі FIDE басқарушы директоры Дана Рейзниеце-Озола Алматы және Астана шахмат академияларының 24 оқушысымен бір мезгілде ойын сеансын өткізді және әлем чемпионатына қатысушы әйел ойыншыларға арнап шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Елордалық Chessstar шахмат мектебінен келген 8 жасар Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер әдеттегіден ұзағырақ аялдап, өз қимылдарын ұзақ уақыт ойластырған. Нәтижесінде Қазақстанның 8 жасқа дейінгі күміс жүлдегері және Азияның блиц бойынша күміс жүлдегері Кәрім Айтжан гроссмейстерден партияны жеңіп алды", –деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Жас шахматшының сөзінше, шебермен оңай болмаған, емес, десе де ол ойын барысын өз пайдасына өзгерте алған.