800-ге жуық кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемеген

0
568

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.


800-ге жуық кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемеген

ERNUR.KZ. Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнының 18,9 мың жұмыскер алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам (жалақы) берешегі барын анықтады, деп жазады ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.