82 миллиард теңге қарыз: Қазақстанда несие берешегі бар медициналық ұйым басшылары жауапқа тартылады

0
522

Медициналық ұйымдардың қарызы бар екенін айтып, бұл жағдайға тарифтердің жетілмеген жүйесі мен медициналық көмек көлемін айқындау ашықтығы себеп болды деп атап өтті.


82 миллиард теңге қарыз: Қазақстанда несие берешегі бар медициналық ұйым басшылары жауапқа тартылады

ERNUR.KZ. Бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттік медициналық ұйымдардың қаржылық орнықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жақын арада шешуді тапсырды, деп жазады stan.kz.

Ол медициналық ұйымдардың қарызы бар екенін айтып, бұл жағдайға тарифтердің жетілмеген жүйесі мен медициналық көмек көлемін айқындау ашықтығы себеп болды деп атап өтті.

“400-ден астам медициналық ұйымның 82 млрд теңге созылмалы несиелік берешегінің пайда болу себептерін түсіну қажет”, – деді министр алқа отырысындағы баяндамасында.

Министрдің айтуынша, бірінші жартыжылдықта босатылған қаражатты басым бағыттарға қайта бөле отырып, емдеу-диагностикалық процестерді оңтайландыру жүргізіледі, медициналық көмектің көлемін, шығыстарды және тарифтік саясатты жоспарлаудың бірқатар мемлекеттік функцияларын Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қайтару жоспарланған.

“Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың басшылары өз кәсіпорындарының рентабелділігі мәселесін шешуі керек, ал несие берешегінің қалай пайда болғаны егжей-тегжейлі тексеріліп, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады”, – деді Ақмарал Әлназарова.