"9 айда әйелдер бала туып үлгереді": Нығматулин білім министріне шүйлікті

0
681

Мәжіліс төрағасы 9 айдан бері Елбасының тапсырмасын орындай алмай жүрген үкімет пен министрлікті қатты сынады.


ERNUR.KZ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин Елбасының берген тапсырмасын уақытында орындамаған білім және ғылым министрлігіне шүйлікті, деп жазады baq.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар талқыланды. Отырыста депуттардың бірі колледждер мен университеттерді ең танымал мамандықтар бойынша модернизациялауға және оқытудың халықаралық тәжірибесін енгізуге бағытталған "Жас маман" жобасының іске асуына байланысты қызығушылық танытты.

Бұл жобаға бөлінетін қаражатты азайтуды жоспарланған екен, өйткені оны жүзеге асыру тәртібін анықтайтын ережелер уақытылы бекітілмеген.

"Әріптестер, бәріміздің есімізде шығар 23 қаңтарда Елбасы жастар жылын салтанатты түрде ашты. Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке "100/200" қағидаты негізінде "Жас маман" бағдарламасын қабылдауды тапсырған болатын. Қаңтардан бері 9 ай өтті. Білім және ғылым министрлігі әлі жұмысқа кіріскен жоқ. Мұның себебі тіпті күлкілі. Былайша айтқанда "банальная волокита", - дейді Нығматулин.

Ол қолындағы анықтаманы оқып берді. Спикердің айтуынша, Елбасы халықтың алдында 23 қаңтарда тапсырма береді, ал үкімет қаулыны арада 4 ай өткенде яғни 31 мамырда ғана қабылдаған.

"Сондағы қаулы 1,5 беттік қағаз. Соны 4 ай бойы жазып шығыпты. Арада бір жарым ай өткенде министрлік ережесін бекітті. Сосын тағы 2 ай өткенде үш министрлікпен келісімге келеді. Әйтеуір қыркүйекте әділет министрлігі бұл бұйрықты тіркеген", - дейді ол.

Мәжіліс төрағасы 9 айдан бері Елбасының тапсырмасын орындай алмай жүрген үкімет пен министрлікті қатты сынады.

"Бір құжатты қабылдау үшін 9 айға жуық уақыт өтті. Мұндай уақытта әйелдер босанып, баласын да туып үлгереді. Ал сіз болсаңыз бір бұйрықты "родить" не можете. Бұл еліміздегі бюрократияның жарқын үлгісі деп айта аламын. Осындай жастарды қызығушылығын оятқан маңызды бағдарламаны созып жүрсіздер. "Жастар жылы" аяқталып келеді, ал сіздер енді оянып жатырсыздар", - Нұрлан Нығматулин.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет