90 адамнан тұратын маңғыстаулық әулет «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды

0
654

​Ғасырға жуықтаған Алуадин ақсақал бүгінде 8 бала өсіріп, олардан 33 немере мен 48 шөбере сүйіп отыр.


90 адамнан тұратын маңғыстаулық әулет «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. Онлайн өткен салтанатты шараға еліміздің барлық өңірінен облыстық кезең жеңімпаздары қатысты. 96 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Алуадин Орақовтың әулеті үздік шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Мерейі асқан жанұяға Президенттің атынан арнайы диплом табыстады. Ғасырға жуықтаған Алуадин ақсақал бүгінде 8 бала өсіріп, олардан 33 немере мен 48 шөбере сүйіп отыр. Басым бөлігі білім саласында еңбек етуде. Байқауға қатысқан әрбір отбасының тарихы, бұл – Қазақстан тұрмысының энциклопедиясы.

«Мерейлі отбасы» жай ғана айтылатын сөз емес. Ол ананың аялы алақаны, әкенің ыстық мейірімі, туған-туысқанның жүрек жылуы. Әрбір шаңырақтағы береке түптеп келгенде тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды.

Өнегелі отбасының тірегі Алуадин ақсақал ұрпағымен мың жасасын деген ақжарма тілектер айтылды. Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша елімізде үздік үштікте тұр. Соңғы жылдары бала туу 30 пайызға өскен. Бүгінде аймақта 41 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 11 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Ал Тәуелсіздік алғалы Маңғыстау облысы халқының саны 2,5 есе артты.