Абаев тегін балалар үйірмесі төңірегіндегі жанжалға қатысты ойын білдірді

0
2 314

​"Артспорт" жүйесі балаларды тегін үйірмелерге жазуға мүмкіндік береді.


Абаев тегін балалар үйірмесі төңірегіндегі жанжалға қатысты ойын білдірді

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы облысында кейбір балалар неліктен тегін үйірмесіз қалғанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін балалар омбудсмені Аружан Саин Алматы облысында 1 наурыздан бастап "Артспорт" жүйесі аясында кейбір секция мен үйірмені қаржыландыру тоқтатылғанын жазған болатын. "Артспорт" жүйесі балаларды тегін үйірмелерге жазуға мүмкіндік береді.
"Балалар бұл үйірмелерге баруға тиіс, біз мұны қолдаймыз. Облыс бюджеті қабылданғанда 50 мың бала барады деп есептелген. Бюджетті мәслихаттарда бекітеді. Қазір Алматы облысында балалар саны осы есептен асып кетті. Демек, бала саны жоспарланған қаражаттан көп", - деді Абаев сәрсенбіде журналистерге.
Ол қазіргі уақытта билік бұл мәселені шешіп жатыр деп сендірді.
"Алматы облысы бұл жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болды. Өйткені бюджетті қайта қарап, қосымша ақша бөлу керек. Содан кейін олар қайта ашылады", - деп толықтырды министр.
Оның айтуынша, қазір осы жүйе бойынша елде мыңдаған бала үйірмеге қатысады.
"Бірақ, кейбір басқа балалар бара алмағандықтан, шу шықты. Мен Аружан Саинді мүмкіндік болса, ертең маған келіп, осы мәселені шешуі үшін шақырдым", - деп түйіндеді Абаев.