Абай облысында 8 жасар баланы мал іздеуге жалғыз жібергені үшін ата-анасы жазалана ма

0
309

11 ақпанда Аягөзде 8 жасар Мерей мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен еді.


Абай облысында 8 жасар баланы мал іздеуге жалғыз жібергені үшін ата-анасы жазалана ма

ERNUR.KZ. Абай облысында 8 жасар баланы боранды күні малға жіберген ата-ана ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, деп жазады stan.kz.

11 ақпанда Аягөзде 8 жасар Мерей мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен еді. Себебі ол бораннан жолды таппай қалыпты. Кешке оны бір топ адам іздеуге шығып, таба алды. Бала қазір аман-есен. Алайда ауа райының қолайсыздығына қарамастан баланы далаға жіберген ата-ана жауапкершілікке тартыла ма деген сауал қойылды.

Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ата-ана жауапкершілікке тартылмайтынын және ешқандай хаттама толтырылмағанын мәлімдеді. Сөзінше, бала таңғы уақытта шыққандықтан, ата-ана міндетін бұзды деп саналмайды.

Еске салсақ, 11 ақпанда қарлы боранның кесірінен мал іздеуге кеткен бала жоғалып кетті. Түнгі 00:00 шамасында Абай аудандық полиция бөлімі баланың табылғанын хабарлады. Қарлы боран басылған соң ол іздеушілерді байқап, жарыққа қарай жүрген. Төтенше жағдайлар министрлігі оның жағдайы жақсы екенін, медицина көмегіне мұқтаж емес екенін айтты.