Абай облысында екі баланы көлік басып кетті – рөлде әкелері болған

0
487

Абай облысында екі бөлек жерде ұқсас қайғылы жағдайлар болды.


Абай облысында екі баланы көлік басып кетті – рөлде әкелері болған

ERNUR.KZ. Ер адамдар көлікпен артқа қозғалғанда туған балаларын басып кеткен, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 3 қыркүйекте 40 жастағы облыс тұрғыны көлікпен ауласынан шығып жатқанда баласын байқамай, қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
"Дәл сондай оқиға 10 қыркүйекте болды. 30 жастағы жүргізуші артқы жүріспен қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзінің кішкентай баласын қағып кетті", - дейді полицейлер.
Ол бала да алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.