Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап кетті

0
495

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.


Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап, мерт болды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 343-тоқсан ауданындағы 5-қабаттан әйелдің құлау фактісі бойынша Затон полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.