Абай облысында өрттен қаза тапқан төрт баланың ата-анасына екі бөлмелі пәтер беріледі

0
305

Аягөзде өрт кезінде төрт баласынан айырылған ата-аналар баспанасыз қалғаны белгілі болды.


Абай облысында өрттен қаза тапқан төрт баланың ата-анасына екі бөлмелі пәтер беріледі

ERNUR.KZ. Аягөзде қаза тапқан төрт баланың ата-анасы екі бөлмелі пәтер алады, деп жазады stan.kz.

Аягөзде өрт кезінде төрт баласынан айырылған ата-аналар баспанасыз қалғаны белгілі болды. Әкімдік балаларды жерлеуге көмектесті және уақытша баспана беруге уәде берген.

“Бүгінгі таңда екі бөлмелі пәтердегі жөндеу жұмыстары аяқталуда, ол жақында отбасына беріледі. Пәтер толығымен жиһаздалған және жақында дайын болады”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Еске сала кетейік, Бұған дейін Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде көміртегі тотығына уланып, көз жұмғаны айтылды. Кейін балалардың аттары мен олар туралы тың деректер пайда болды.

Кейінірек полиция төрт баланың өліміне қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.