​ Абай облысында психикалық дертке шалдыққан 80-ге жуық адамға жүргізуші куәлігі берілген

0
473

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша олардың 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалған тұлғалармен жұмыс жүргізілуде.


​ Абай облысында психикалық дертке шалдыққан 80-ге жуық адамға жүргізуші куәлігі берілген

ERNUR.KZ. Психикалық дертке шалдыққан 78 адам жүргізуші куәлігін алған, деп жазады stan.kz.

Абай облысы прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында талдау жүргізді. Айтуларынша, көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы болып саналады.

"Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан, жарамды жүргізуші куәлігі бар", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша олардың 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалған тұлғалармен жұмыс жүргізілуде.