Абай облысындағы өртке қатысты экс-министр тергеуге шақырылды

0
326

Басқа жоғары лауазымды шенеуніктерден жауап алынбаған.


Абай облысындағы өртке қатысты экс-министр тергеуге шақырылды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильиннен Абай облысындағы өртке қатысты іс бойынша жауап алынды, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді.

"Одан жай ғана куәгер ретінде жауап алынды, болды. Оның ешқандай статусы жоқ", - деді Бас прокурор.

Берік Асыловтың айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Басқа жоғары лауазымды шенеуніктерден жауап алынбаған.

"Өрт әлі сөндіріліп жатыр, біз мамандар мен өрт сөндірушілерге кедергі болғымыз келмеді. Өртті сөндіру аяқталған соң тергеу барысында жауап аламыз", - деді Берік Асылов.

Бұған дейін Бас прокуратура Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық істі тергеу аясында бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен, Экология министрі Зульфия Сүлейменовадан және облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтан жауап алатынын хабарлаған болатын.