Абайлаңыз, радиация: Өскеменде қоғам белсенділері дабыл қақты

0
494

Өскеменде белсенділер радиациялық қауіптілік белгісін орнатуды талап етті. Себебі қалада әлі төрт радиоактивті орын жойылмаған.


Абайлаңыз, радиация: Өскеменде қоғам белсенділері дабыл қақты

ERNUR.KZ. Олардың бірі дәл университет маңында орналасқан. Белсенділер мемлекеттік органдарды жауапқа тартуға тырысып, оларды сотқа да берген. Алайда ешбір мемлекеттік мекеме аймақта радиоактивті орынның белгіленуіне жауап бермейтін болып шыққан, деп жазады Stan.kz.

"Біз өз аяқ киімімізбен радиоактивті топырақты үйге апаруымыз мүмкін. Сөзсіз, радиация дозасы бізге әсер етеді. Сонымен қатар біз радиоактивті орындардың қай жерде екенін және ол жердегі сәулеленудің деңгейін білмейміз", – деді белсенді Алексей Божков.

Алексей Божковтың сөзінше, Өскеменде 50 жыл бұрын атом өнеркәсібіне арналған материалдарды зерттейтін орын болған. Өңделген кенді топырақпен жаба салған. Зауыт жабылған соң топырақты тұрғын үй құрылысына пайдаланған.

Радиоактивті заттарды жою жұмыстары мүлде жүріп жатқан жоқ дейді белсенді. Аумағы 10 гектарға тең ең үлкені университет жанында орналасқан. Дозиметр сағатына 200 микрорентген көрсеткен, ал рұқсат етілген норма 18 микрорентген. Күнделікті бұл жермен 5-7 мың адам жүреді.

Белсенді премьер-министр әкімшілігіне арыз жазған, бірақ ол жақта Экология департаментіне жіберіпті. Мұндағылар ескерту белгілерін орнатуға жауап бермейтінін жеткізді. Ал радиоактивті орындарды жою жұмыстарын әкімдік жүргізуі керек екен. Алайда әкімдіктен әлі жауап келмеген.