Абақтыда сәби өмірге келді

0
3 331

Тергеу изоляторы мекемесінде отырған әйел 10 маусым күні екінші перзентін дүниеге әкелді.


Абақтыда сәби өмірге келді

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесінде отырған азаматша екінші перзентін дүниеге алып келді, деп жазады jasqazaq.kz.

Азаматша Қызылорда қалалық тергеу сотының 2019 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес ЗК-169/1 мекемесіне жіберілген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2,3 тармақтарымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. Әйел 10 маусым күні Ана мен бала орталығында босанып, екінші перзентін дүниеге алып келді.

«Аталған азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті. Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі нәрестенің құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Қылмыстық ісі бойынша шешімді заң талаптарына сәйкес мерзімінде сот органдары қабылдайды», — деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.