Әбдірахымов, Байбек және Сұлтанов жаңа әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарады

0
1 359

Президент қалалар мен облыс әкімдері өкілеттілігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етті.


Әбдірахымов, Байбек және Сұлтанов жаңа әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Ақорданың хабарламасында.


Сонымен қатар, Тоқаев ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.