Ақбота мен Дәурен заңды некеге тұрды (видео)

0
5 510

Ақбота өзінің отбасындағы қос қуанышымен фан-парақшаларында бөлісті.


Ақбота мен Дәурен заңды некеге тұрды (видео)

фото мен видео: akbotanur_seitmagambet

ERNUR.KZ.Ақботаның ұлының тұсау кесер тойында некесі қиылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақбота өзінің отбасындағы қос қуанышымен фан-парақшаларында бөлісті. Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов желіге ұлдарының тұсаукесер тойы мен неке қию салтанатында түскен суреттерін жүктеді.

Кеше ғана заңды некелерін қиған Дәурен мен Ақботаның қуанышы үлкен тоймен жалғасты. Олар дәл осы күні ұлдары Ибрахимнің бір жасқа толуы мен тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті.

Той үстінде кішкентай бүлдіршіннің болашақта әнші болатыны белгілі болды. Ол алдындағы заттардың ішінен еш ойланбасқан микрофонды таңдап, анасын ерекше қуанышқа бөледі.

Тойға жиналған жұлдызды жұптың жақындары мен достары кішкентайға сәттілік тілеп, енді ғана некесін қиған жұпқа бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі.