"Адамдар шыбынша қырылып жатыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады

0
1 165

Ақынның халықтан жиналған ақшаға сатып алған 125 жасанды тыныс алу аппаратын жеткізу мен таратуда қиындық туындаған.


Айтыскер ақын, "Айдың нұры" қорының жетекшісі Айнұр Тұрсынбаева Қазақстан президенті мен денсаулық сақтау министріне, қорғаныс министріне үндеу жолады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының прещиденті Қасым- Жомарт Кемел ұлына! Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға! Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа! Қазақтың даласы қан сасып тұр. Адамдар шыбынша қырылып жатыр. Адамдар өз ажалынан емес, дәрінің жоқтығынан, жағдайдың жоқтығынан, апараттардың жоқтығынан, ауруханаларда орындардың жоқтығынан өліп жатқанын мойындауымыз керек! Қазаққа қастандық жасалды! Осы жағдай жүрегімізге батқан соң біз қоғам белсенділері қосылып халықтан ақша жинадық!

Ақшаны жинап Түркия мемлекетінен 125 апаратты сатып алдық! Бұл аппараттар Қазақстанда 500-800 мың көлемінде сатылып та жатыр. Халықтың ондай қымбат аппарат алатын жағдайы жоқ екенін менсіз де білетін шығарсыздар деп ойлаймын! Елшіліктің көмегімен шекара шығынынан да құтылғандай болып едік. Бірақ 125 аппаратты, яғни 2 тонна жүкті тұтас жіберетін мүмкіндік жоқ екен! Ендігі жанайқайымыз мынау! Біздің тірнектеп жинап алған апараттарымызды Қазақстанға барған соң СК "Фармация" деген мекеме қабылдап алады екен. Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр", - деп жазды айтыскер ақын.


Айнұр өз үндеуінде аппараттарды таратудың билігін өзіне беруін сұраған. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жіберсе, тұтас апаруға болатынын жеткізді.

Үндеуінің соңында айтыскер ақын Түркиядағы зауытпен екі аптада арзан бағаға 500 аппарат сатып алуға келісім жасағанын, оның ақшасын жинауға мүмкіндік бар екенін айтып өтті.