Адамды бір күнде өлтіретін Бубон обасы Қазақстанға келе ме?

0
1 111

Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру.


Адамды бір күнде өлтіретін Бубон обасы Қазақстанға келе ме?

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Моңғолияда анықталып жатқан Бубон обасына қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.


Бубон обасы адамнан адамға жұқпайды. Қазақстанда обаның табиғи ошақтары бар. Қызметіміз, обаға қарсы станцияларымыз еліміз бойынша санитарлық-профилактикалық жұмыстар жүргізеді және бұл жағдайды бақылауда ұстайды. Егер тек өкпе обасын жұқтырған немесе ауруы асқынып кеткен адам елімізге келмесе, Моңғолиядан біздің қазақстандықтар Бубон обасын жұқтырмайды, - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру. Моңғолия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Бубон обасы ең алғаш 30 маусым күні 27 және 16 жасар екі ағайындыда тіркелген. Екеуі де Қобда аймағының тұрғыны. ДДСҰ дерегінше, бұл ауру дер кезінде ем жасалмаған жағдайда ересек адамды 24 сағаттың ішінде өлтіре алады. Егер дер кезінде анықталып және ем жүргізілген жағдайда жазылуға болады.