Адамзат Жердің жаңартылатын ресурстарының жыл сайынғы нормасын тауысты

0
3 275

Барлық халықтар ресурстарды Германия тұрғындары сияқты тұтынатын болса, адамзатқа 3 Жер планетасы қажет болар еді.


Адамзат Жердің жаңартылатын ресурстарының жыл сайынғы нормасын тауысты

ERNUR.KZ. 2019 жылғы 29 шілдеде адамзат жаңарып отыратын табиғи ресурстардың шартты қорын тауысты. Олар бір жыл ішінде қайта қалпына келгенмен, осы күннен бастап «экологиялық несиеге» өмір сүретін болады. Мұндай мағлұматты «Экологиялық іздің жаһандық желісі» ұйымының Халықаралық тәуелсіз аналитикалық орталығы ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзіндік «экоқарыздың» күнделікті орташа көрсеткішін анықтау үшін GFN зерттеушілері биоресурстардың тұтыну мөлшерін экожүйені қайта қалпына келтіру қасиетіне сәйкестендіріп анықтайды.

«Табиғи ресурстардан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін адамзатқа Жер планетасының 1,75 бөлігі қажет», - дейді экологтар.

Әртүрлі елдерде жаңғырмалы ресурстарды тұтынудың әр адамға шаққандағы мөлшері бір-бірінен әжептәуір ерекшеленеді. Мысалы, барлық халықтар ресурстарды Германия тұрғындары сияқты тұтынатын болса, адамзатқа 3 Жер планетасы қажет болар еді, ал егер АҚШ сияқты тұтынса, 5-еу қажет. Ресурстарды ұтымсыз пайдалану әсіресе Катар елінде байқалады. Бұл ел ресурстарды «эконесиеге» 11 ақпанда-ақ пайдалана бастаған. Ал Индонезия ресурстарды ұтымды тұтынатын ел болып шықты. Ол үшін «эконесие күні» шамамен жылдың соңында, яғни 11 желтоқсанда басталады. Алайда бұл ел де экожүйе өздігімен қалпына келтіре алатын мөлшерден көп тұтынады.

WWF пікірінше, Жер табиғатынан өте жылдам айырылуда. Мысалы, 1970 жылдан бастап 60% жабайы аңдар жойылған. БҰҰ болжамына сәйкес, жануарлардың, өсімдіктер мен жәндіктердің миллионға жуық түріне жойылу қаупі төніп тұр. Мұнын барлығы – өте күрделі мәселе болып табылады, себебі табиғат және ондағының барлығы планета тұрғындарын өмірге аса қажетті таза ауыз сумен, ауамен, тамақпен, материалдар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отыр.