Әділет Министрлігі құқықтық ақпараттық қызметті тәулік бойы қызмет көрсетуге ауыстырды

0
517

Құқықтық ақпараттық қызмет, операторлар санын өсіру арқылы тәулік бойы қызмет көрсету режиміне көшті.


Әділет Министрлігі құқықтық ақпараттық қызметті тәулік бойы қызмет көрсетуге ауыстырды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін бірнеше шараларды қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Біріншіден, құқықтық ақпараттық қызмет, операторлар санын өсіру арқылы тәулік бойы қызмет көрсету режиміне көшті. Азаматтар құқықтық саладағы сауалдары бойынша тиісті жауаптарды +7 (7172) 58 00 58 и 119 нөмірлері арқылы ала алады.

Екіншіден, төтенше жағдай кезінде барлық санаттағы атқарушылық өндірістер мен әрекеттер кейінге қалдырылды. Бұл шешім туралы барлық сот орындаушылар ақпараттандырылды.

Үшіншіден, барлық аймақтарда туу туралы куәлікті рәсімдеу үздіксіз жүргізіледі, оның ішінде медициналық орталықтар да бар.