"Ағалы-қарындасты": Қызылордада аялдама қайтыс болғандар бір үйдің балалары

0
1 525

Жол апатына кінәлі 20 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.


фото: stan.kz.

ERNUR.KZ. Қызылордада автобус аялдамасында тұрған адамдарды жапырып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп жазады 24.kz.

21 қараша күні таңертең шетелдік көлік аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған адамдарды жапырып кеткен. Салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы екеуі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қайтыс болғанның екеуі – №12 мектептің бесінші және үшінші сыныбында оқитын ағалы-қарындасты оқушылар екені анықталды. Одан бөлек 42 жастағы ер адам да қайтыс болды.

1988 жылғы қыз бен 2009 жылғы жасөспірім де түрлі дене жарақатымен Қызылорда медициналық орталығына жеткізілді, қазір дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатына кінәлі анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол 20 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар жүргізілуде.