"Агромашхолдинг KZ" дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады

0
464

"Lovol" тракторларының жиыны Қостанайда өткен жылдан бері шығарыла бастады.


ERNUR.KZ. Қостанай ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші "Агромашхолдинг KZ" кәсіпорны қала көшелеріне дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады, деп жазады baq.kz.

"Lovol 604" модификацияланған моделінің алғашқы топтамасы қала көшелеріне дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін аймақтағы "АБЗ плюс" компаниясына жеткізілді.

"Lovol" тракторлары - түрлі аспалы, жартылай аспалы және тіркеме жабдықпен жабдықталады, осылайша олар ауыл және коммуналдық шаруашылық саласында, құрылыста және басқа да бағыттарда тиімді пайдаланылады.

Аталмыш тракторлардың маңызды ерекшеліктерінің бірі еуропалық дизайніндегі жылыту және кондиционері бар үшінші буын кабинасы.

Сонымен қатар трактор гидронасоспен және қуаты ұлғайтылған қозғалтқышпен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 35-тен 130 а.к. дейінгі "Lovol" тракторларының жиыны Қостанайда өткен жылдан бері шығарыла бастады. Отандық өндіруші "Агромашхолдинг KZ" тракторларын "БРК-лизинг" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ және "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ арқылы сатып алуға болады.