​АИ-92 маркалы бензин Алматы жанармай бекеттерінде арзан бағада сатылып жатыр

0
1 706

Бұл баға Helios станцияларында да тұр.


​АИ-92 маркалы бензин Алматы жанармай бекеттерінде  арзан бағада сатылып жатыр

ERNUR.KZ. Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин арзандады, - деп жазады Тengrinews.kz.

Royal Petrol және Petrol Asia сайттарында ең танымал бензин маркасының құны 149 және 147 теңгеден. 149 теңгеде Sinooil бекеттері де сатып жатыр. Мұның алдында АИ-92 барлық бекетте 156 теңгеден еді. "ҚазМұнайГаз"-да АИ-92 152 теңгеден сатылып жатыр, бұл баға Helios станцияларында да тұр. "Газпромнефть" call-орталығындағылардың айтуынша, бензин литрі 156 теңге тұрады.