Айбат Ілиясов Оқу-ағарту вице-министрі болды

0
990

2022 жылғы ақпаннан бастап білім және ғылым вице-министрі болған.


Айбат Ілиясов Оқу-ағарту вице-министрі болды

ERNUR.KZ. Үкімет қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады nur.kz.

Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген. "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2006 жылдан 2007 жылға дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ аға инженер-электронигі, бас маманы, 2008 жылдан 2009 жылға дейін "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК бас маманы болған.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры қызметін атқарған. 2022 жылғы ақпаннан бастап білім және ғылым вице-министрі болған.