Аида Балаеваның анасы дүниеден өтті

0
602

Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды.


Аида Балаеваның анасы дүниеден өтті

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «ҚазАқпарат ХАА» АҚ ұжымы Аида Ғалымқызы Балаеваның анасының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.